kazinform / Блоги.Казах.ру — блоги Казахстана, РК
rus / eng / kaz


Можно ставить записям будущее время. Запись будет в черновиках и в указанную минуту автоматически опубликуется. Любой блог можно сделать коллективным. Для этого надо определенным (или всем) пользователям дать права на запись в него. Если у вас уже есть блог в другом месте — можно автоматически транслировать записи из него в нашу блог-платформу Статья Корпоративные блоги: Как вести? содержит практические советы и примеры
СМИ могут копировать в свой блог ленту новостей или статей. Дополнительное внимание и комментарии обеспечены.












kazinform



Блоги о политике, экономике, образовании, здравоохранении, спорте, культуре и других ключевых составляющих жизнедеятельности общества

Блог kazinform Автор блога
Лента друзей
Войти Регистрация


ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астанада кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровпен кездесіп, Алматыда өткен бокс кешіндегі жеңісімен құттықтады және министрлік атынан арнайы естелік сыйлық табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматыда өткен айқаста ганалық Айсак Ариемен өткізген жекпе-жегіңде жергілікті жанкүйерлеріңе керемет көңіл күй сыйладың. Біз ел мерейін асырып жүрген сендер сияқты мықты спортшыларымызбен мақтанамыз», - деді министр.



Сондай-ақ, кездесу барысында Арыстанбек Мұхамедиұлы: «Алда ЭКСПО келе жатыр. Осыған орай Астанда бір кәсіпқой бокс кешін өткізуді жоспарлап отырмыз. Осыған дейін, Геннадий Головкин, Қанат Исламмен кездесіп, осы тақырыпта әңгіме өрбіткен болатынбыз. Бүгін сенімен де осы тақырыпта ақылдассақ деген оймен арнайы шақырдық», - деп атап өтті.

Өз кезегінде Жанқош Тұраров министрге алғысын айтып, егер билік тарапынан қолдау болса, бокс кешін өткізуге қуана келісетінін жеткізді.

«Егер, билік тарапынан қолдау болып жатса, неге бокс кешін өткізбеске? ЭКСПО алдағы жылы елімізде өтетін ең ірі шаралардың бірі. Елбасымыз да спортқа ерекше назар аударып отыр. Осы орайда Астанада үлкен бокс кеші өтіп жатса, ЭКСПО-ға келген қонақтар үшін де, жергілікті қала тұрғындары үшін де үлкен қуаныш болар еді», - деді боксшы.

Естеріңізге сала кетейік, Жанқош Тұраров осыған дейін 20 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 14-ін уақытынан бұрын аяқтаған.



Теги: казинформ
ЭКСПО аумағындағы кешегі оқиғаға байланысты «BI Group» Компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рақымбаев түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.



«Ең бастысы, адамдар құрбан болған жоқ. Түсінемін, барлығы біздің пікірімізді күтіп отыр. Оқиға орнындағы жағдайды зерттеп, әріптестермен және инженерлермен талқылау жүргізгеннен кейін, қазір тиісті мәлімдеме жасауға әзірмін. Біріншіден, конструкцияға тоқталатын болсам, бұл нысан шынымен де сәулеттік-декоративті элемент болып табылады. Оны құрастырумен және монтаждық жұмыстармен келісімшарт бойынша еліміздегі ең кәсіби компания - «Имстальком» айналысты. Біз кәсіби құрылысшылар ретінде қазірдің өзінде олардың жоғары біліктілігі мен құзыреттілігіне күмәнданбаймыз», - деп жазды А. Рақымбаев Фейсбуктегі парақшасында. Оның сөзіне қарағанда, фотосуреттерге мұқият қараған кезде, одан конструкцияның дәнекерленген жерінен немесе монтажды тіреуіштерінен сынбағанын байқауға болады. Бұл ретте суреттен конструкцияны кесіп тастаған секілді көрініп тұр. Осындай биіктіктен құлаған кезде аркалардың әйнектері сынбағанын назарға ала отырып, негізгі конструкцияның беріктігі қандай болғаны түсінікті. «Инженерлермен кеңескеннен кейінгі біздің алдын ала тұжырымға тоқталатын болсам, 90 метрлік ферма (cәулеттік-декоративті элемент) құжатта көрсетілген беріктігі тұрғысында металдың химиялық құрамының сәйкес келмеуінен аязды күнде металдың сығылысуына шыдай алмады.

Дегенмен, металл мен оны пайдалану шаралары негізінен аязды және ыстық күндер кезінде сығылысу мен ұлғаюды есепке ала отырып ескеріледі. Бұл біздің алдын ала пікіріміз екенін атап өтемін», - дейді компания басшысы. Оның айтуынша, соңғы шешімді сарапшылық комиссия жасайтын болады. Бірінші кезекте металдың химиялық құрамына талдау жасалады. Бұлар Қытайдан жеткізілген екен. Осы секілді металдан көрме аумағындағы басқа да нысандар салынды. Сонымен қатар ол шығынды өтеу тақырыбына тоқтала келе, компания осы бұзылған аралықты қалпына келтіретінін жеткізді.

Теги: казинформ
Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық əскери соты бүгін 2016 жылдың 7 қарашасында Қазақстанның конституциялық құрылымына күштеп өзгеріс енгізбекші болғаны үшін айыпталған Тоқтар Төлешовті мүлкін тәркілей отырып, 21 жылға соттады. Ол жазасын қатаң режімдегі түзеу колониясында өтейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сот залынан. Т. Төлешов 18 ауыр және аса ауыр қылмыстар, соның ішінде адам өлтіру, айуандықпен азаптау, адам ұрлау және т.б. қылмыстар жасағаны үшін сотталды. Оған тағылған айыптардың арасында мемлекетті күшпен басып алуға талпынды және Қазақстанның өңір-өңірінде жер дауын ушықтырып, заңсыз митингтерді қаржыландырды деген айыптаулар бар.



Еске сала кетейік, іс материалдарында мемлекеттік құпияларға қатысты деректер болғандықтан, Тоқтар Төлешовтің соты бірнеше ай бойы жабық түрде өткен болатын. 2016 жылдың қаңтарында Шымкентте күш құрылымдары арнайы операция жүргізіп, оны қолға түсірген болатын. Арада алты ай өткен соң, яғни, маусым айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресми мәлімдеме жасай отырып, Тоқтар Төлешовке қаражаты мен лауазымын пайдалана отырып, билікті күшпен басып алуға әрекеттенді деген айып тақты. Бұл ойын жүзеге асыру үшін Тоқтар Төлешов құзырлы органдар мен әскери саладағы ведомстволардан сыбайластар тапқан. Қылмыстық істегі басты жауапкер - Тоқтар Төлешев бірқатар қылмыстар бойынша айыпталған болатын, олардың арасында: адам ұрлау, өлтіру, заңсыз бостандығынан айыру, билікті басып алуға жария шақыру, сондай-ақ билікті басып алу немесе ҚР Конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, экстремистік топ құру, оған басшылық ету немесе оның қызметіне қатысу, тонаушылық, ұйымдасқан қылмыстық топ, ұйым құру және оған басшылық ету сияқты айыптар тағылған. Сондай-ақ ол қарулардың, оқ-дәрілердің, жарылғыш заттардың және жарылғыш құрылғылардың заңсыз айналымына айыпталуда. Сонымен бірге, Төлешовтің өткізу мақсатынсыз есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар екендігі жөнінде айып тағылған болатын. Кейінірек əлеуметтік желіде Т. Төлешовтің қылмыс жасағанына шын көңілімен өкінгені жөнінде құжаттар жарияланды. ҰҚК-нің басшысына жазған өтініш-хатында «Шымкентсыра» ЖШС-нің экс-директоры Т. Төлешов Қазақстанда жерді шетелдіктерге сату мен жалға беруге қарсы шерулерді ұйымдастырғанын мойындады. «Халық мені қолдау үшін биліктің беделін түсіру керектігін білдім. Ол үшін әлеуметтік жарылыс жасау керек еді. Мұндай іс өз қолымнан келмейтінін түсіндім. Сол үшін Атыраудағы ерік-жігері мол Талғат Аянды іздеп-таптым. Ол өзінің соңынан халықты ерте алатынына сендім. Сондықтан ақшалай демеушілік жасап, «халық батырының» бейнесін сомдауды тапсырдым. Мен БАҚ-тарда ұзақ уақыт талқыға түскен жер реформасының болатынын білдім. Қазақтардың туған жерін қорғау үшін ештеңеден тайынбайтынын ескеріп, осы мүмкіндікті пайдаланғым келді. Сол үшін қызба мінезді тұрғындары көп Атырауды таңдадым. Және ол жердегі бүлікке қатысымның барын ешкім сезбейді деп түйдім. Сөйтіп, өз қызметкерлеріме Талғат Аянға 100 000 доллар жіберіп, «жер мәселесімен» айналысуға және қазақ жерін шетелдіктерге сату туралы өсек таратуға нұсқау бердім. Мұндай әрекет жұртты дүрліктіріп, халық туған жерді қорғау үшін көтерілетінін білдім»,- делінген құжатта. Ол өзінің түпкі мақсаты - халықтың билікке деген ашу-ызасын туғызу жолымен елде вице-президент лауазымын енгізуге қол жеткізуді көздеген.

Теги: казинформ
От ауызды, орақ тілді айтыскер ақын Айбек Қалиев Арқалық қаласының мәслихат депутаты атанды. Бұл туралы ҚазАқпаратқа ақынның өзі хабарлады.



Айта кетейік, 1992 жылдан бастап айтыс өнеріне келген Айбек Киікбайұлы халықаралық, республикалық айтыстардың бірнеше мәрте жеңімпазы атанған.

Ақын айтыстарында қоғамның күрделі мәселелерін сөз етіп, терең, ойлы өлеңдерімен халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп жүр. Айтыстағы еңбегі ескеріліп, 2001 жылы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Алғыс хатымен марапатталды. Бүгінгі таңда айтысқа баулып жүрген шәкірттері де республика жұртшылығына танылып қалды.
Теги: казинформ
Бүгін Талдықорғанда Бақытбек Есентаевтың ісіне байланысты сот отырысы жалғасты. Жабық режимдегі бұл жолғы сот отырысында қос тарап жарыссөзге шықты.



Процеске Баян Мақсатқызы да келіп қатысты.

Соттың жабық режимде өтуіне байланысты Бақытбек Есентаевқа мемлекеттік айыптаушы қандай жаза қолдануды сұрағаны жөнінде алқа билер шешім шығарғанша жария етілмейді.

Келесі сот отырысы бейсенбі күні 3 қарашада жалғасады. Оған дейін сотталушы соңғы сөзін айтуға, алқа билер шешім шығаруға дайындалуы үшін үзіліс жарияланды.

Естеріңізге сала кетейік, Бақытбек Есентаевтың соты 18 қазанда басталды. Алғашқы тыңдалымға қатысқан Баян Мақсатқызы өзінің бұрынғы күйеуін толықтай кешіріп, бас бостандығынан айырмауды өтінген еді.

Бақытбек Есентаев зорлық-зомбылық, зорлау фактілерінен өзге адам өлтіруге оқталу бабы бойынша жауапқа тартылуда. Ең ауыр бап та осы. Қазіргі таңда заңгерлердің басым бөлігі зорлау, зорлық-зомбылық баптары бойынша іс қысқартылса да, адам өлтіруге оқталу бабы бойынша Бақытбек Есентаев жазаға тартылуы мүмкін деген пікірлерін білдірген еді. Бірақ, бұл процестің бір ерекшелігі сотқа алқа билері қатысуда. Шешімді алқа билер қабылдайды.



Теги: казинформ
Мәжіліс депутаттары баспанада тіркеусіз 30 күнге дейін тұру мүмкіндігін ұсынуда. Бұл туралы бүгін Сенатта Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 - 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мәселелері бойынша депутаттар мен мүдделі мемлекеттік органдардың кездесуінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев мәлім етті.



«Жалпы, Қазақстан азаматтарына ІІМ 10 күнді ұсынып, кейіннен тіркеуге тұру қажеттігін ескерген еді. Бірақ та түрлі жағдайлардың болуын қарастыра отырып, яғни қонаққа, жұмысымен барғанда 10 күн жетпеуі мүмкін, осы ретте бұл мерзімді 30 күнге дейін арттыруды ұсынудамыз. Егер де адам жұмыс бабымен, туыстарына сапарлап келсе, басқа қалада тіркеусіз жүруіне 30 күнге дейін мерзім қамтылуы тиіс. Осыдан кейін тіркеуге тұру қажет болады. Ішкі істер министрлігінің ұсынысы бойынша егер де адам тіркелмесе, ол өзі жекелей, сондай-ақ пәтердің иесі де жауапты болады. Яғни, барлық пәтер иелерін туысқандары келген жағдайда тіркеуге тұрғызу міндеттелген болатын, егер де тіркеу жасалмаса, онда айыппұл қарастырылған. Бұл норма терроризммен және экстремизммен күреске қатысы жоқ екенін, сонымен қатар қоғамда жағымсыз резонанс тудырып отырғанын ескере келе, Мәжіліс тек тіркеуді ғана ретке келтіруді және пәтерлерін жалға беретін меншік иелерінің жауапкершілігін бекітуді ұсынады. Егер де пәтерді жалға берсе, ол осы тұрғынды тіркеуге міндетті. Осы орайда 10 күн уақыт беріледі»,-деп түсіндірді М. Әшімбаев.

Оның сөзіне қарағанда, бұл тұрғыдағы шаралар арқылы пәтерлерді жалға беру бағыты секілді ең үлкен сегментті ретке келтіруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Мәжілістің қарауында жатыр. Бүгінде осы заң жобасы бойынша қызу талқылаулар жүргізілуде.
Теги: казинформ
Ағымдағы жылы ЕАЭО--ның жаңа кеден кодексі дайын болады. Бұл туралы бүгін Қазақстан мен Ресейдің XIII өңіраралық ынтымақтастық форумы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.



«Кәсіпорындарға ЕАЭО кеңістігінде еркін бәсекелестікке мүмкіншілік беру - стратегиялық міндет. Бұған біздің заңнамамызды одан ары біріздендіру шаралары септігін тигізетін болады. Ағымдағы жылы ЕАЭО-ның жаңа Кеден кодексін дайындау жұмыстары аяқталады. Ол біздің елдеріміздің арасындағы барлық кедендік процедураларды айтарлықтай жеңілдетеді. Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары қолданылады. Бірыңғай көлік кеңістігін рет-ретімен, кезең-кезеңімен құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді», - деді Н.Назарбаев.

Елбасы ЕАЭО аясында барлық өндірушілер мен инвесторлар үшін түсінікті ортақ ойын ережесі мақсатты түрде қалыптастырылып жатқанын баса айтты.

«Ресейлік бизнес Қазақстан экономикасына инвестиция сала отырып, өзін туған елінде жүргендей сезінетін болады. Біз мұны жасаймыз. Мен шегініс жасап, Ресей экономикасының Қазақстанға қарағанда көлемі мен технологиялық тәжірибесі біршама үлкен екендігін айтқым келеді», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы қазіргі уақытта ресейлік бизнестің Қазақстанның индустрияландыру және инфрақұрылымдық жобаларына қолдауы мен көмегі қажет екендігін атап өтті.
Теги: казинформ
Алимет мөлшерін белгілеу кезінде баланың мүдделері ескерілуі тиіс.

Бұл туралы Алименттер өндіріп алу жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель мәлім етті.



«Біріншіден, алимент мөлшерін белгілеу тәртібін қайта қарауды ұсынамыз. Бүгінгі күні ол борышкердің еңбекақысының үлестерінде айқындалады және балалардан гөрі әкенің мүдделері ескерілген», - дейді ол.

Оның үстіне, «айлакер» борышкерлер заңды айналып өтудің тәсілін игерген.

«Олар жалақысы төмен жұмыстарға орналасқан жағдайларды мысалға келтіріп өттім. Содан кейін, заңды түрде балаларына 5-6 мың теңгеден аударып отырған. Бүгін бұл ақшаға баланы тамақтандыруға, киіндіруге бола ма? Сондықтан баланың мүдделері басымдықты болуы тиіс деп ойлаймыз. Баланың жасына қарай алименттердің базалық мөлшеріне заңмен кепілдеме берілуі тиіс. Борышкердің табысын да ескеруді ұсынамыз. Бірақ, тек мынадай принцип бойынша - еңбекақы қаншалықты жоғары болса, алименттердің минималды мөлшері соншалықты жоғары болуы тиіс», - деп түйді сөзін И. Меркель.

Айта кетейік, бұның алдында хабарлағанымыздай, Қазақстанда алименттер бойынша қарыз 2 млрд. теңгеге жуықтаған. Бүгінде елімізде 350 мыңнан астам бала алиментке мұқтаж.
Теги: казинформ


В 2017 году 15 Назарбаев Интеллектуальных школ пройдут аккредитацию в Совете международных школ. Об этом сообщила председатель правления АО «Назарбаев Интеллектуальная школа» Куляш Шамшидинова на традиционном августовском совещании работников образования.

«Первую международную авторизацию программы получила наша Назарбаев Интеллектуальная школа города Астаны. Она первая получила международную аккредитацию CIS (Совет международных школ - «Казинформ»). Это является одним из центральных направлений. Планируется, что до конца следующего года 15 Назарбаев Интеллектуальных школ будут аккредитованы в международной организации CIS», - сказала К.Шамшидинова.

В совещании, тема которого «Интеллектуальное лидерство: основа стабильного развития», принимают участие более двух тысяч педагогов.

Совет международных школ (CIS) - организация, занимающаяся аккредитацией школ и разработкой методик обучения. CIS охватывает 697 школ, 508 университетов и колледжей 112 стран. CIS сотрудничает с 50 ведущими университетами мира.
Теги: казинформ


Глава государства Нурсултан Назарбаев провел встречу с председателем Национального банка Данияром Акишевым, сообщила пресс-служба Акорды.

В ходе встречи Д.Акишев доложил Главе государства о текущей деятельности Национального банка, ключевых направлениях денежно-кредитной политики, а также о ситуации на финансовом рынке страны.

Президент Казахстана обратил внимание на необходимость принятия соответствующих мер по обеспечению стабилизации ситуации на внутреннем валютном рынке, развитию банковской системы республики и стимулированию роста кредитования экономики банками второго уровня.

Нурсултан Назарбаев также подчеркнул важность продолжения эффективной информационно-разъяснительной работы касательно ситуации с курсом тенге.

- Решение о введении свободно плавающего обменного курса было правильным. Однако сейчас произошел определенный всплеск, и следует разъяснить людям его причины, - сказал Глава государства.

В свою очередь, председатель Национального банка указал на факторы, повлиявшие на ослабление курса национальной валюты по отношению к доллару.

- За первые шесть месяцев текущего года цена на нефть выросла с 27 до 52 долларов за баррель, однако в июле снизилась на 15% - с 52 до 42 долларов. Во всех развивающихся странах, являющихся экспортерами сырья, произошла аналогичная ситуация. Их национальные валюты укреплялись, как и в Казахстане, после чего произошло снижение на 2-3%. Тенге в номинальном выражении за июль ослаб на 4,2%, считаем, что это нормальная корректировка. В настоящее время ситуация стабилизировалась. Никаких ожиданий, что в дальнейшем курс будет каким-либо образом колебаться, нет. В условиях свободно плавающего обменного курса колебания тенге, которые происходили в июле 2016 года, не несут никакой угрозы для внутриэкономической стабильности, - сказал Д.Акишев.

Также председатель Национального банка сообщил о проводимой работе по сдерживанию инфляционных процессов в стране.

- С начала года рост инфляции составил 5,2%. В этом показателе заложен эффект корректировки курса, когда цены резко выросли в сентябре-ноябре 2015 года. Этот эффект уже преодолен, и есть уверенность, что по итогам года мы уложимся в заложенный правительством инфляционный коридор 6-8%, - сказал Д.Акишев.

По итогам встречи Глава государства дал ряд конкретных поручений.

Источник: inform.kz
Теги: казинформ


Павлодар облысының әкімдігі Францияның Ницца қаласында терракт кезінде қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматтары, Павлодар облысының тұрғындары - Панченко отбасының туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Хабарламада аймақ басшысы Болат Бақауов: «Франциядағы қайғылы оқиға кезінде қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтамыз және жараланғандардың жылдам сауығып кетулеріне тілектеспін», - деп, қайғыға ортақтасқан.

Естеріңізге сала кетсек, ҚР СІМ Ниццада төрт Қазақстан азаматының қайтыс болғандығын хабарлаған болатын. Бақилық болғандардың қатарында павлодарлық отбасы бар: 60 жастағы Любовь Панченко, 32 жастағы Марина Панченко және екі жасар Сильвия.



Известный казахстанский композитор Еркеш Шакеев обратился к интернет-пользователям с просьбой оказать помощь в поиске его сына - Сафара Шакеева.

«Друзья, пропал мой сын Сафар Шакеев. Пропал в 7 утра 16 июля. Последний раз видели как шел вверх по Сейфуллина выше Аль-Фараби. Направлялся в район Ремизовки. Рост 187 см. Одет был в эту розовую футболку и синие джинсы. Всех, кто видел его сегодня, или располагает любой информацией, просим сообщить личным сообщением, либо отписаться в комментах. Максимальный репост. Звоните по номерам 87082214007, 87025658889, 87754788771, 870176636162», - написал Шакеев на своей странице в Facebook.
Ранее сообщалось, что в Алматы ведутся поиски 25-летнего Сафара Шакеева, сына известного казахстанского композитора Еркеша Шакеева.

«Да, вчера утром пропал. По пр. Сейфуллина выше пр. аль-Фараби его последний раз видели», - сказал ранее друг Сафара Шакеева.

По его словам, родные парня обратились с заявлением в ДВД Алматы, которые также содействуют в поиске пропавшего.

Волонтеры уже начали поиски в районе, где молодого человека видели последний раз.


Португалия құрамасының капитаны үш гол салғаны үшін және голға үш доп шығарғаны үшін «Күміс бутса» сыйлығымен марпатталды, деп жазады life.ru.



Криштиану Роналду Еуропа чемпионатының үздік ойыншысы ретінде өзіне берілген «Күміс бутсадан» бас тартып, командалас жолдасына сыйлады. Португалия құрамасының жартылай қорғаушысы Нани Роналдудан мұндай сый күтпесе керек. Дереу Instagram әлеуметтік желісіне сыйлық фотосын салып, оқырмандарымен бөлісуді жөн санапты:

- Сен жай капитан емессің, сен чемпионсың! Сыйлық үшін рахмет! Алға, Португалия, біз чемпионбыз!- деп жазған Нани.
Теги: казинформ
«Қазақстан» ұлттық телеарнасы Астана күніне орай Батырхан Шүкеновтің орындауындағы «Жүрегімде Астана» атты әннің клипінің премьерасын өткізді.



«Қазақстан РТРК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қайнар Олжайдың айтуынша, Батырхан Шүкеновтің соңғы арманы - осы әнге клип түсіру болған екен.

«Корпорация Астана күніне арнап, жыл сайын бір-бір бейнебаян түсіруді қолға алғанбыз. Бұл 2013 жылы басталған үрдіс болатын. Тек қана таңдаулы, тек қана Астанаға арналған ең үздік шығармаға жылына бір-ақ рет бейнебаян түсіріп келеміз. Бірінші рет Ринат Гайсиннің «Астана - менің мақтанышым» атты музыкалық премьерасын ұсынған болатынбыз. Екінші жылы Айман Мұсақожаеваның «Әншілер академиясы» деген туындысына клип түсірдік. Биылғы клипті ерекше дарын иесі, қайталанбас әнші, керемет ұйымдастырушы, халықтың сүйіктісіне айналған Батырхан Шүкеновтің соңғы туындысына арнауды жөн көрдік. Оның соңғы арманы - осы әнге клип түсіру еді», - дейді Қ.Олжай.

Жалпы, бұл ән өткен жылы Батырхан Шүкенов атындағы Қоғамдық қордың арнайы шығарған «Аманат» атты соңғы альбомына кiрген. Бейнеклип Астананың түрлi аймақтарында түсiрiлген және онда елорданың ең көрiктi деген жерлерi мен ең зәулiм ғимараттары көрiнiс тапқан. Отандық кинематография саласында алғаш рет арнайы эффектiлердi жасау мақсатында анаморфотты кинообъективтер пайдаланылған. Түсiрiлiмге Роза Рымбаева, Медеу Арынбаев, Мәдина Сәдуақасова, Мақпал Исабекова, Майра Мұхамедқызы, Дильназ Ахмадиева, қатысқан.

Әннің сөзін ақын Шөмiшбай Сәриев жазса, әуені композитор Ренат Гайсиндікі. Бейнебаян бүгіннен бастап телеарналар мен интернет желісінде пайда болады.
Теги: казинформ
Геннадий Головкин кәсіби рингте тапқан табысын Қазақстан экономикасына инвестиция есебінде салуда. Қарағандыда боксшының қатысуымен көмір байыту кәсіпорыны ашылатыны мәлім. Бүгін біздің түсіру тобымыз жаңа кәсіпорынды бірінші болып көрді. Құрылтайшылар қатарында жергілікті кәсіпкерлер мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры бар, деп хабарлайды «Хабар» телеарнасы.



Жаңа өндіріс орнында 150 тұрақты жұмыс орны бар. Фабриканың жобалық қуаты жылына 500 мың тонна көмірді құрайды. Оны 5 шілдеде таныстыру көзделіп отыр. Бұл күн кездейсоқ таңдалмаған. Бокстан WBA, IBF, WBC нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің өзі: «Нұрсұлтан Әбішұлының: «Қарсыластарыңды жеңіп, үйіңе орал» - деген сөздерінен кейін ой келді. Мен Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстан экономикасына инвестиция салуға шешім қабылдадым. Өз Отаның үшін жақсы іс жасау керек, яғни парызыңды өтеу қажет»-дейді.
Теги: казинформ
Елорда күнін мерекелеу аясында «Жерұйық» паркінде қазақ ауылы тігіледі. 5 және 6 шілдеде алғаш рет Ұлы дала халқының басты сусыны - қымызға арналған «Қымызмұрындық» халықаралық этнографиялық фестивалі өткізіледі, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.



Қалада 1992 жылдан бастап өткізіліп келген бүгінгі этнографиялық мерекенің тақырыбы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен «ЭКСПО-2017» көрмесі болмақ. Оны өткізу идеясы еліміздің өзге өңірлерінде де қолдау тапты - Алматы, Павлодар, Тараз, Шымкент және т.б. қалаларда.

Бірнеше күн бойы көк шалғында ұлттық нақышта безендірілген 10 киіз үй тігіледі. Мол дастархан жайылып, көпшілікке ұлттық тағамдар - құрт, бауырсақ, жент, ірімшік, шұбат пен қымыз ұсынылады. Бұдан басқа, қонақтар самауырыннан құйылған хош иісті шай ішеді. Ал кіре берісте қолданбалы өнер көрмесі көпшіліктің назарына ұсынылады. Сонымен қатар, этноауылда алтыбақандар орнатылып, жігіттер мен қыздар, сауық-сайран құрып, ән айтады. Жақын маңда батырлар мен балуандар күш сынасып, шеберлік байқасады.

Фестивальдің ашылуында қымызды мадақтауға арналған театрландырылған қойылым, қатысушылар шеруі, би мен айтыс өтеді.

Мұнымен қоса, келушілер шара барысында қымыз туралы білімін тексеріп, қымыз ішуден жарысады, армрестлинг, арқан тарту және т.б. сайыстарда күш сынасады.

Ежелден дала халқы жазда бие сауып, қымыз ашытқан. Бұл айтулы шараға ауылдың алты ауызы, туған-туыстар, көрші-қолаң, дос жарандар шақырылған. Жаздағы алғашқы сусыннан дәм татқызу және молшылықтың белгісі ретінде қасиетті сусынды жерге төгу қазақтар үшін тұтастай бір салт-жора. Ұйымдастырушылар фестиваль барысында осы дәстүрді жағыртпақ ниетте. Шараға Қазақстаннан басқа, Қырғызстан, Омбы, Қалмақ, Алтай аймағы, Новосібір, Якутия, Забайкалье аймағы, Бурятиядан келген шеберлер қатысады.

Этноауыл қонақтары қымыз ішу рәсімін және якутиялық қалыңдықты киіндіру жорасын, Забайкалье аймағының өкілі Жалсанова Дариманың аттың қылынан жасаған үлгілер коллекциясының, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі, қазақстандық Қайролла Әбішевтің коллекциясының, Шадапова Ханданың «Байкал маржандары» костюмдер коллекциясының көрсетілімін және т.б. тамашалайды. Мереке күндері «Алтын дала дауысы» бүкілресейлік байқауының лауреаты, созылыңқы қалмақ әндерін орындаушы Эврена Оргаева, нағыз алтай хомусында ойнайтын Игнатьев Виктор Викторович Астанаға арнайы ат басын тірейді.

Қымыз жасау мен оны сақтау туралы білгісі келетіндер, сондай-ақ, ұлттық қуыршақтар жасауды, тоқу мен тігуді үйренуге ниетті жандар шеберлік дәрістеріне қатыса алады.

Сонымен қатар, фестиваль қымыз жасау мен өндіру, қолданбалы қолөнер бойынша жас дарынды шеберлер, суретшілер мен модельерлер үшін жақсы алаңға айналып, өзін-өзі таныстыруға мүмкіндік береді.
Теги: казинформ
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Әсет Өрентайұлы Исекешев Астана қаласының әкімі болып тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.



«Ә.Ө. Исекешевті Астана қаласының әкімі қызметіне тағайындау туралы» Жарлық



Әсет Өрентайұлы Исекешев Астана қаласының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі қызметінен босатылсын.




Қазақстан Республикасының
Президенті X Н.Назарбаев

Теги: казинформ
Бүгін, 13 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан Рио-де-Жанейродағы жазғы Олимпиадалық ойындарға қатысу құқығына 98 жолдаманы жеңіп алды. Бұл туралы Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясынан хабарланды.



Сонымен, жеңіл атлетикадан еліміздің еншісінде 20 жолдама, байдарка мен каноэде есуден - 11, бокс (ерлер) - 10, ауыр атлетика - 10, еркін күрес - 5, әйелдер күресі - 4, оқпен ату - 4, теннис - 3, грек-рим күресі - 3, таеквондо - 3, дзюдо (ерлер) - 3, дзюдо (әйедер) - 2, әйелдер боксы - 2, велошоссе - 2, садақ атудан - 2 жолдама бар.

Мұнымен қоса, Қазақстан спортшылары академиялық ескек есуден - 2, мәнерлеп жүзуден - 1, жүзу - 2, қазіргі бессайыс - 1, стендтік ату - 1, велотрек - 1, семсерлесу - 1, үстел теннисі - 1, көркем гимнастика - 1, еспе слалом - 1, батутта секіру - 1, сондай-ақ ашық суда жүзуден 1 жолдаманы жеңіп алды.

Жалпы, 27 спорт түрінен еліміздің спортшылары Олимпиаданың 98 жолдамасына ие болды.
Теги: казинформ
Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова 9-11 маусымда Варшавада (Польша) өткен жыл сайынғы Жаһандық әйелдер саммитіне қатысты.

Елорданың ресми сайтының хабарлауынша, биылғы саммит «Әйелдер - сандық технологиялар дәуірінде инклюзивті экономиканы құру үшін» тақырыбымен өткен.



Оған 70-тен астам елден 1 мыңнан астам табысты кәсіпкер пен саясаткер әйелдер осы беделді алаңда өз тәжірибелерімен әрі пікірлерімен алмасты. Бұл саммит мемлекеттік және жеке өмірдің барлық салаларында тиімді дамуға қол жеткізудегі жаңа креативті ойлармен алмасу мүмкіндігін бере алатын аса маңызды іс-шара болып табылады.

«Бүгінгі таңда бизнестегі басшы әйелдердің үлесі 42%-ға жетіп отыр және бұл көрсеткіш тұрақты түрде артып келеді. Астанада бұл үрдіс ШОБ саласында ерекше байқалады, сондықтан озық тәжірибені меңгеруге және жетістіктермен бөлісуге мүмкіндік тудыратын осы сияқты форумдарды өткізу өте орынды» - деп баяндады «Қалалардың болашағы» атты форумда Қазақстанды таныстыру барысында М. Бектұрова.

Астана әкімі орынбасарының Варшаваға сапары барысында Қазақстан Елшілігінің қолдауымен Польша елордасының Вице-Президенті М. Ольшевскимен кездесу ұйымдастырылып, оның барысында Астана мен Варшава арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың мәселелері талқыланды. Тараптар қалалық әкімдіктер арасындағы серіктестіктің ахуалы мен әлеуетін жоғары бағалады. Қаланы дамыту ісіндегі бай тәжірибені ескере отырып, 2020 жылға дейінгі арнайы ынтымақтастық бағдарламасына қол қою туралы келісімге келді. Сонымен қатар, осы құжат экономикалық және инвестициялық серіктестікті дамытуға бағытталған шараларды қамтитын болады. Алдағы уақыттаВаршавада өткізілетін НАТО Саммиті аясында поляк тарапы ірі халықаралық шараларды жоғары деңгейде, соның ішінде ЭКСПО-2017 өткізу бойынша Астананың тәжірибесін зерделеуге қызығушылық танытты.

М. Бектұрова Польшаның Даму министрлігінде өткен кездесуде поляк бизнес өкілдеріне Астананың инвестициялық шарттары мен басымды жобалары туралы баяндап берді. Бұл кездесу Қазақстан Елшілігі үстіміздегі жылдың мамыр айында ұйымдастырған Польша Даму Вице-министрі Р. Домагальски-Лабэндзки және Астана қаласының Әкімдігі арасындағы келіссөздердің жалғасы болды. Семинарға Қазақстанда жұмыс істейтін және ынтымақтастыққа қызығушылық танытып отырған Польшаның 18 компаниясы қатысты. Кездесу қорытындылары бойынша тараптар Польшаның құрылыс кластерімен белсенді ықпалдастық орнатуға уағдаласты, сондай-ақ тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, баламалы энергетика, ауыл шаруашылығындағы қайта өңдеу және көлік-логистикалық жобалары бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерделеу туралы келісімге қол жеткізді.
Теги: казинформ


Солисты государственного Академического театра оперы и балета им. Абая и известный за пределами Казахстана оркестр акима г. Алматы под управлением Мурата Серкебаева выступили с концертом в единственной в республике детской колонии ЛА-155/6. Об этом сообщили в департаменте уголовно-исполнительной системы южной столицы.

«В нынешнем году это первое выступление известного творческого коллектива перед несовершеннолетними осужденными, коллектив активно ведет благотворительную и просветительскую деятельность и вносит свой вклад в воспитание подрастающего поколения.

Концерт приурочен к предстоящему празднованию Дня защиты детей. В стенах исправительного учреждения выступили заслуженный деятель РК, ведущая солистка Государственного академического театра оперы и балета им. Абая Жамиля Баспакова и солист этого же театра Олег Татамиров. По большому счету, подобные концерты дарят осужденным радость. Это очень важно для человека, который находится в изоляции», - сказала представитель департамента УИС по г. Алматы Шынар Хусайнова.






Биыл «KIFT-2016″ туризм көрмесіне 31 мемлекеттің компаниялары қатысты. Ал өткен жылы шараға 38-40 елдің компаниялары келген болатын. Шарада биыл алғаш рет Алматы облысының туристік әлеуеті көрсетілді, деп хабарлайды total.kz.



Мамандардың айтуынша, Қазақстандағы ішкі туризм негізінен шет елдіктердің қызығушылығын тудыратын болады. «Инфляцияға байланысты Қазақстандық өнім өзге елдермен салыстырғанда арзанға түспек. Сонымен қатар, 19 елдің азаматтарына визасыз режим енгізу де шет елдіктердің Қазақстанға келіп дем алуына жағдай жасайды. Ал қазақстандықтардың өздерінің қызығушылықтарына келер болсақ, қазақстандықтар демалыс күнлері болмаса, ішкі туризмге арнайы шықпайды», — деп мәлімдеді Қазақстанның туристер ұйымының директоры Райшида Шайкенова.

Осылайша экономикалық құлдырау туризмге оң әсерін тигізуі мүмкін. Дегенмен, әлі де болса қазақстандықтар ішкі туризмнен гөрі шет елге шыққанды жөн көреді. «Сыртқы туризм жағынан қазақстандықтардың сұранысы биыл айтарлықтай деңгейде азайып кетті. Туристердің негізгі бағыттары әдеттегідей Түркия мен Египет, операторлар Ыстық көл мен Біріккен Араб Әмірліктерін де ұмытқан жоқ. Еуропадан Болгария мен Грекияға деген сұраныс бар. Ал Еуропаның өзге елдеріне сұраныс тіпті жоқтың қасы. Ал медициналық туризм жағынан Оңтүстік Корея әлі де сұранысқа ие», — дейді Шайкенова.
Теги: казинформ
Дәстүрлі өткізіліп келе жатқан мектеп және колледж оқушыларының арасындағы 8-ші жазғы спартакиаданың қатарына биыл тұңғыш рет ұлттық ойынымыз - асық ату спорты енгізіліп отыр.



Спартакияда шеңберінде оқушылар арасында өткізілген республикалық деңгейдегі асық ату турнирі Астана қаласында өзінің байрағын көтерді.
Жарысқа республикамыздың түпкір-түпкірінен Атырау, Жамбыл, Ақмола, Қостанай, Алматы облысы, Маңғыстау облысы, Солтүстік Қазақстан облыстары, Астана және Алматы қалаларынан 9 командадан құралған 60 жуық спортшы қатысты.

Турнирдің ашылу салтанатында сөз алған ҚР «Асық ату» федерациясының вице-президенті Жомарт Сабыржанов: «Асық ату жарыстары мұнымен тоқтап қалмайды. Алдағы маусым айында Қазақстан Республикасының кубогы ұйымдастырылады. Сосын елорда күні қарсаңында дәл осы спорт түрінен халықаралық турнир өтеді. Міне, бүгін біздің жастарымыз сол байрақты бәсекелерге қатысуға дайындалып жатыр»,- деді.

Еліміздің жан-жағынан жиналған спортшы оқушылар елорда төрінде өздерінің мергендіктерін, ептіліктерін, шапшаңдықтарын байқатты.
«Асық секілді құндылықтарымыздың астарында біздің тарихымыз жатыр. Асық ойыны жас балаларды мықтылыққа, мергендікке үйретеді. Сондықтан да бұл турнирдің тәрибелік мәні басымырақ.- дейді Астана қаласы командасының жаттықтырушысы Ескендір Рахметов.

Екі күнге созылған бәсекенің қорытындысы бойынша, командалық есепте Жамбыл облысы бірінші орын, Астана қаласы екінші орын, Қостанай облысы үшінші орын алды. Ал жекелей сындарда Ақмола, Қостанай, Жамбыл облыстарынан келген командалар өздерінің шеберліктерімен топтан оза шықты.

http://reactor.inform.kz/kz/detail/25342
Теги: казинформ
Биыл неміс тіліндегі бай әдеби қор қазақ ақыны Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасымен толықты, деп хабарлады «Әдебиет» порталы.



Поэма неміс тіліне қазақша түпнұсқасынан тікелей аударылып, Қазақстан-Гёте институтының қолдауымен «Büchergilde» (Германия) баспасында басылып шықты.

Поэманың неміс тіліндегі нұсқасының авторы - неміс жазушысы Герт Хайденрайх.
Қазақ халқының мәдениеті мен өнерін, тарихы мен салт-дәстүрін неміс тілді оқырмандарға кеңінен таныстыратын «Құлагер» поэмасының алғашқы тұсаукесері биылғы наурыз айында Лейпциг қаласында кезекті халықаралық кітап жәрмеңкесінде (Leipziger Buchmesse) өткен еді.

2016 жылдың 25 - 27 мамыр күндері «Құлагердің» неміс тіліндегі аудармасының тұсаукесері Астана мен Алматы қалаларында да өтеді деп жоспарланған.

Аталған шараға осы жобаға қатысқан аудармашылар мен Ілияс Жансүгіровтің қызы - Ильфа Ілиясқызы арнайы шақырылып отыр.
Аударманың тұсаукесерін танымал тележүргізуші, ақын Жаңыл Асылбекова жүргізеді.

http://inform.kz/kaz/article/2904245

Ғалымдар ақша адамды бақытсыз етеді деген тұжырымға келді, Эмори Университеті мен Минессота (АҚШ) Университетінің мамандары ірі капиталға ие адамдар мейірімсіз, көбінесе жалғыз болатынын дәлелдеді.



Зерттеушілер түрлі кемшілігі бар, түрлі әлеуметтік жағдайдағы адамдардың деректерін талдады.

Нәтижесінде ақшасы көп адамдар туыстарымен, достарымен араласпай, өз-өздерімен тұйықталып қалатыны байқалған. Бұл олардың жалғызсырауына алып келеді.

Зерттеуге сәйкес, табысы төмен (жылына бес мың доллар) адамдар жоғары табысты (жылына 131 мың доллар) адамдарға қарағанда, адамдармен араласуда жылына кешті 6,4 рет көп өткізеді екен.

Бұдан басқа, бай адамдар басқа адамдардың проблемасы мен қайғысына алаңдамайтын болады.

Ауқатты адамдар уақытының басым бөлігін жұмысқа бөледі, адаммен араласу оларға маңызды бола қоймайды, деп жазады шетелдік БАҚ.

ҚазАқпарат
Теги: казинформ
Қырғыз арнайы қызмет өкілдері «Элдік парламент» оппозициялық қоғамдық бірлестігінің көшбасшысы Бекболот Талгарбеков, Торобай Колубаев және Марат Султановқа қатысты қылмыстық іс қозғады.



Олар билікті басып алуға дайындалды деген күдік тудырды. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Қылмыстық іс Қырғызстанның ҚК 27-295 («Билікті күшпен басып алуға дайындалу») және 27-341 («Билік өкіліне күш қолдануға дайындалу») баптары бойынша қозғалды.

Қырғызстанның МҰҚК ақпаратынша, тергеуалды жиналған материалдарға сәйкес, аталған тұлғалар елдегі қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыруға кейін күшпен билікті тартып алуға бағытталған шара ұйымдастырмақ болған. Сондай-ақ, олар лауазымды тұлғаларға қару қолданып, шабуыл жасауды ойластырған.

Жергілікті БАҚ пен әлеуметтік желілерде «Элдік парламент» қозғалысы лидерлері мен белсенділерінің келіссөздері жазылған аудиожазба бөліктері жарияланды.

Қазір Қырғызстанның МҰҚК қылмыстық іс аясында тиісті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

ҚазАқпарат


Теги: казинформ


Кампанию в США «Угости американца бешбармаком - #beshintheusa», которую запустило Консульство США в Алматы, продолжают поддерживать люди, влюбленные в казахское национальное блюдо.

Не исключением оказалась и Грейс Гарет, которая изучала в 2015 году русский язык в Казахском национальном университете им. аль-Фараби.

«Вы наверняка помните американскую студентку Грейс, которая изучала русский язык в Алматы и вела видеоблог о своем опыте в Казахстане. Грейс с друзьями поддержали нашу кампанию #beshintheusa и приготовили бешбармак в Портленде, штат Орегон. Давайте до конца года включим все остальные штаты Америки в этот список!», - говорится в посте консульства в Фэйсбук.

Судя по фото, Грейс научили катать тесто для национального блюда в Казахстане. Бешбармак - является самым любимым национальным блюдом казахов, без него не обходится ни одно торжество.

На День Астаны, 6 июля 2015 года, столичные повара приготовили самый большой бешбармак весом 700 килограммов. этот факт был занесен в Книгу рекордов Гиннесса.

Импровизированную кухню развернули в Парке влюбленных. За взвешиванием следил представитель штаб-квартиры Книги Гиннесса из Турции.

Напомним, данная акция приурочена к 25-летию дружбы между США и Казахстаном. Организаторы планируют охватить 50 штатов Америки.

По условиям кампании, участники должны приготовить бешбармак, и сделать фото американцев и казахстанцев за одним столом.

Первое фото в поддержку кампании было сделано в Майами, штат Флорида.







Источник: inform.kz



В Москве при содействии посольства и Торгового представительства Республики Казахстан в Российской Федерации состоялось открытие магазина казахстанских продуктов.

Это уже пятая торговая точка розничной сети «Баурсак». За 4 года работы на российском рынке сеть успешно сотрудничает с представителями крупных казахстанских торговых марок. Всего насчитывается более 30 казахстанских производителей.

«Я являюсь выходцем из Казахстана, живу в Москве уже 20 лет и всегда с ностальгией вспоминала те продукты, которые ела дома. После каждой поездки на родину привозила в Москву продукты. А потом пришла идея, а почему не наладить их продажу в Москве», - поделилась идей открытия магазина казахстанских продуктов учредитель торговой сети «Баурсак» Елена Кондакова.

Со слов Е.Кондаковой, вначале казахстанская продукция представлялась на выставках. Со временем, оценив качество казахстанской продукции, покупатели стали выражать просьбы привозить продукты на постоянной основе. В результате стали открываться магазины.

«Спрос растет с каждым годом все больше и больше. Одно из наших главных правил - продавать продукты исключительно из Казахстана. В год наш оборот составляет порядка 50 млн рублей. В наших планах, помимо открытия новых магазинов, предложить всем желающим торговать под нашей маркой по франшизе. Надо заметить, «Баурсак» постепенно превращается в бренд. Люди уже ищут нас не только как «продукты из Казахстана», а уже по названию», - сказала она.

В свою очередь, заместитель Торгового представителя РК в РФ Гульжан Бодукова отметила, что посольством и Торговым представительством РК в РФ проводится активная работа по продвижению казахстанских товаров на российский рынок.

«Наши товары пользуются спросом. Наблюдается очень хорошая динамика по спросу и объемам продаж. Желаю казахстанским предпринимателям использовать современные возможности выхода на российский рынок, а Торговое представительство готово в этом содействовать», - сказала она.


Источник: inform.kz



Министерство образования и науки РК с 1 сентября 2016 года запретит бумажную отчетность в школах. Об этом глава образовательного ведомства Ерлан Сагадиев сообщил сегодня на отчетной встрече с общественностью.

По его словам, для этого МОН ведет работу в трех направлениях. Во-первых усилится IT-департамент министерства. «Мы сейчас этим занимаемся, принимаем новых людей, расширяем их функционал, и они объединяют разрозненные базы данных в единую для того, чтобы у нас была четкая картина с отчетностью», - подчеркнул министр.

Во-вторых, в законодательство уже были внесены нормы, согласно которым только МОН имеет право требовать от школ отчетность. В-третьих, ведомство намерено упорядочить внутреннюю отчетность. «Если вы хотите что-то знать, приходите в МОН, а не в школу. То есть мы преподавателей защитили. Теперь мы должны сократить свою внутреннюю отчетность, упорядочить ее, и тогда, с 1 сентября 2016 года бумажную отчетность в школах запретить и ее количество значительно сократить», - заключил министр.

Источник: inform.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде сәуірдің 29 күні «Қазақтың алғашқы академиялық археологиялық экспедициясына - 70 жыл» атты іс-шара өтеді, деп хабарлайды Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметі.



Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы 1946 жылы ҚазССР Ғылым Академиясының президент Қ.Сәтбаевтың бастамасымен ұйымдастырылған болатын. Экспедицияны көп жылдар бойы белгілі энциклопедист-ғалым, академик Ә.Марғұлан басқарды. Көп жылдық жұмыстардың нәтижесінде тас дәуірінен бастап ортағасырлық кезеңдерге тән тарихи маңызы жоғары ескерткіштер зерттелді. Ғылыми еңбектер жарияланды. Сондай-ақ, Орталық Қазақстанда Беғазы-Дәндібай және Тасмола мәдениеттері ашылды.

Іс-шара барысында Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының белгілі жетекшілері мен қатысушыларына арналған көрме ұйымдастырылады. Онда ғалымдардың экспедициялық өмір сәттерінен сыр шертетін сирек фотолар ұсынылады. Сонымен қатар, академик Ә.Марғұланның және К.Ақышевтың сөйлеген сөздері бар бейнежазба көрсетіледі.

http://inform.kz/kaz/article/2898016
Теги: казинформ